Забур жырлары 91 - Киелі кітап(QazBi2010)

Хақ Тағаланың даналығы мен әділдігін жырлау

1(Демалыс күні айтылатын ән әрі жыр.)

2Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау,

Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,

3Таң ата жариялап рақымыңды,

Кешке де Өзіңнің адалдығыңды,

4Он ішекті аспапта әсем күй тартып,

Жетіген және домбырамен қосылып.

5Уа, Ием, жаратқандарыңа шаттанамын,

Ұлы істеріңе қуана ән саламын.

6О, Ием, қандай керемет Сенің істерің,

Түпсіз терең Сенің ой-ниеттерің!

7Ессіз адам ғана бұларды білмейді,

Түйсіксіз жан мынаны түсінбейді:

8Зұлымдар қазір жерді шөптей қаптайды,

Заңсыздық істейтіндер өркендейді,

Ал кейін олар мәңгілікке құриды.

9Бірақ Сен, уа, Ием, мәңгі үстемсің!

10О, Жаратқан, жауларың Сенің,

Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды,

Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды.

11Маған жабайы бұқадай күш бердің,

Басыма май жағып әлдендірдің,

12Жауларымның күйрегенін өзім көрдім,

Маған қарсы бас көтерген зұлымдардың

Жеңілісі туралы хабар алдым.

13Әділ жан құрма ағашындай өркендейді,

Ливандық самырсындай өсіп биіктейді,

14Жаратқанның үйінде ол тамыр жаяды,

Құдайымыздың ауласында құлпырады,

15Жасы ұлғайса да, жемісін береді,

Шырынды, ширақ болып қала береді,

16«Жаратқан мінсіз, Ол — қорғанар жартасым» дейді,

Осылай Оның әділдігін паш етеді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help