1Тау ешкілері қашан лақтайтынын білесің бе? Маралдың бұзаулағанына қарап тұратын ба едің?
2Оның қанша ай буаз болып, қашан туатынын білесің бе?
3Марал толғатып, төлін еңкейіп туады.
4Төлі күшейіп, ашық далада өсіп-жетіледі. Кейін енесінен ажырап, оған қайтып келмейді.
5Ал жабайы есекті еркіне қоя берген, құланды жүгенсіз бос жіберген кім?
6Соларға мекені болсын деп айдаланы, тұрағы болсын деп сортаңды бергенмін.
7Қаланың әбігерінен олар мүлдем аулақ, айдаушының айқайын да естімейді.
8Қайта, олар қыраттарды шарлап, өздеріне әр түрлі шөп іздейді.
9Керік саған қызмет етуге келісіп, мал қораңда түней ме?
10Оны жүгендеп, соқаға жеге аласың ба? Ол соңыңнан еріп егіндігіңді тырмалай ма?
11Керіктің зор күшіне сүйеніп, ауыр жұмысыңды оған істете аласың ба?
12Астығыңды жинап, оны бастыратын қырманыңа алып келуді соған сеніп тапсырасың ба?
13Түйеқұс қанаттарын құшырлана қақса да, ол ләйлектің қауырсыны мен мамығына жетпейді.
14Түйеқұс жұмыртқаларын жерге қалдырып кетеді, ал топырақтың жылуы оларды жылытады.
15Біреу соларды табандарымен таптап, бір жабайы аң аяқтарымен басып кетпей ме, сол туралы еш ойланбайды.
16Осылай түйеқұс балапандарына өзінікі еместей қатыгез болып, «бейнетім зая кетеді-ау» деп те уайымдамайды.
17Себебі Құдай оған сондай даналық дарытқан жоқ, ақыл-санадан үлес бөлген жоқ.
18Бірақ егер қанат қағып шабатын болса, тұлпар мен шабандозды басып озып, күлкі қылады.
19Тұлпарға оның қуатын сен беріп пе едің? Оның желкесіне жал бітірген сен бе едің?
20Тұлпарды шегірткедей алысқа секіретін қылған кім? Оның пысқыруының өзінен жұрт шошынады.
21Тұлпар өршелене тұяғымен жер тебініп, өз күшіне шаттанып, шайқасқа бас салады.
22Ол қорқынышқа күле қарап, ештеңеден қаймықпайды, семсерден де именбейді.
23Жауынгердің қорамсағы, жалтыраған найзасы мен алдаспаны атының бүйіріне соғылып сатырлайды.
24Керней тартылғанда, тұлпар өзін ұстай алмай, аласұрған шабытпен шайқасқа бас салады.
25Ол керней тартылған сайын кісінеп, алыстан шайқастың иісін сезеді, қолбасшылардың өктем дауыстары мен айқайларын естіп тұрады.
26Сұңқардың самғап ұшатыны, қанаттарын оңтүстік желге қарай жаятыны сенің даналығыңның арқасы ма?
27Күшіген заңғар биікке самғап, сол жерге ұясын сенің бұйрығыңмен сала ма?
28Ол жартаста өмір сүріп, сонда түнейді, жартастың ұшар басы — оның қорғаны.
29Сол жерден шығып, азық іздеп, олжасын алыстан-ақ көзі шалады.
30Балапандары да қан сорып тамақтанады. Жемтік қайда болса, күшігендер сонда жиылар. —
31 Жаратқан Ие сөзін жалғастырып, Әйүпке былай деді:
32— Әлі де құдіреті шексіз Тәңірдің үстінен шағым айтып, дауласпақсың ба? Мейлі, Құдайды айыптап келген енді өзі жауап берсін!
Әйүптің Құдай алдында пенделігін мойындауы33Сонда Әйүп Жаратқан Иеге жауап беріп былай деді:
34— Мен бұған лайықты емеспін, Саған қалай жауап бермекпін? Аузымды қолыммен жауып аламын.
35Бір-екі рет еркінсіп аузымды ашқанмын, енді қайтып тіс жармаймын.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.