Забур жырлары 35 - Киелі кітап(QazBi2010)

Пенденің күнәкарлығы, ал Жаратқанның ізгілігі

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, Жаратқан Иенің қызметшісі Дәуіттің жыры.)

2Зұлымның заңсыздығы жайлы жүрегімнің

Түкпірінен шыққан ойды былай деймін:

Оның ниеті жоқ Құдайды қастерлейтін.

3Күнәсін ұғып, жек көргеннен гөрі

Жағымпазданады ол өзіне-өзі.

4Зұлымдық пен өтірік — айтқан сөздері,

Жақсылық жасауды ойлағысы келмейді,

5Төсекте жатып та сұмдық жоспарлайды,

Теріс жолмен жүріп, күнәдан бас тартпайды.

6Ал, Ием, көктей шексіз Сенің рақымың,

Бұлттардай заңғар Сенің адалдығың!

7Таулардай айбынды Сенің әділдігің,

Тұңғиықтай терең Сенің шешімдерің.

Сен адам мен хайуанның екеуін де

Қамқорлап келесің, я, Жаратқан Ие.

8Уа, Құдай, Сенің рақымың қандай қымбат,

Қанатыңның астын паналайды адамзат,

9Әлеміңнің игілігіне тойдырасың,

Өзеніңнің рақатына қандырасың.

10Өйткені өмірдің қайнары Өзіңсің,

Жарықты көреміз нұрыңда Өзіңнің.

11Сені білетіндерге рақымыңды төкші,

Адал жандарға шындығыңды көрсетші.

12Менмендерге мені таптата көрмеші,

Зұлымдарға да қудалата көрмеші.

13Әне, қылмыскерлер орындарынан құлады,

Қайтып тұрмастай төменге лақтырылды!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help