Забур жырлары 53 - Киелі кітап(QazBi2010)

Қиын-қыстау кезде Құдайға сенім арту

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.

2Зифтің бірнеше тұрғынының Саулға барып: «Дәуіт біздің жақта тығылып жүрген сияқты!» деп хабар жеткізген кезіне арналған.)

3Уа, Құдай, ұлы атың үшін құтқара гөр,

Зор құдіретіңмен мүддемді қорғай гөр!

4О, Құдайым, дұғама құлақ сала гөр,

Аузымнан шыққан сөздерге көңіл бөле гөр!

5Бөгде адамдар маған қарсы шықты,

Зорлықшыл сұмдар жанымды алмақшы,

Олар еш ойламайды Құдай туралы.

6Алайда Құдай маған жар болады,

Жаратқан Ие жан дүниемді нығайтады,

7Сұмдығының есесін жауыма қайтарады.

Ием, адалдығыңа сай оларды талқандашы.

8Өз еркіммен Саған құрбандық шаламын,

Уа, Ием, ізгі атыңа мақтау айтамын.

9Сен құтқарып алдың мені бар пәледен,

Жауларымның жеңілгенін көрдім көзіммен.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help