Шежірелер 1-ж. 23 - Киелі кітап(QazBi2010)

Леуіліктердің әулеттері және олардың атқаратын қызметтері

1Дәуіт жасы ұлғайған шағында өзінің ұлы Сүлейменді Исраилдің үстінен патша болуға тағайындаған еді.

2Сол кезде ол Исраилдің барлық басшыларын, діни қызметкерлері мен леуіліктерді жинап алды.

3Жасы отыз және одан жоғары леуілік ер адамдардың санағы жүргізілді. Олардың жалпы саны отыз сегіз мың екен.

4Дәуіт солардың жиырма төрт мыңын Жаратқан Иенің киелі үйіндегі жұмыстарды атқаруға, алты мыңын басқарушы және төреші ретінде қызмет көрсетуге,

5төрт мыңын қақпа күзетшісі, қалған төрт мыңын өзі дайындап берген күй аспаптарының сүйемелдеуімен Жаратқан Иені мадақтау қызметіне белгілеп қойды.

6Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды.Герсондық әулеттер

7Герсондық әулеттер Лібіни мен Шимейден тараған болатын.

8Лібінидің үш ұлы: тұңғышы Ехиел және Зетам мен Жоел.

9Лібіниден тараған әулет басшылары осылар еді.

Шимейдің үш ұлы: Шеломот, Хазиел, Харан.

10Шимейдің басқа да төрт ұрпағы: Яхат, Зизах, Егус, Бериях.

11Яхат солардың біріншісі, ал Зизах екіншісі болды. Егус пен Берияхтың ұлдары көп болмағандықтан, олардың ұрпақтары нақты бір міндет атқаратын бір-ақ әулет болып есептелді.

Қахаттық әулеттер

12Қахаттың төрт ұрпағы: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел.

13Ымрамның Һарон мен Мұса есімді ұлдары болды. Һарон және одан тарайтын ұрпақтардың барлығы мына міндеттерді атқаруға тағайындалған болатын: киелі орынның бұйымдарын Құдайдың қызметіне ерекше бағыштау, Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалып, өртеп ұсыну, киелі үйдің өзге де қызметтерін жүргізу және Жаратқан Иенің атымен халыққа бата беру.

14Құдайдың пайғамбары Мұсаның ұлдары мен олардан тараған ұрпақтар Леуі руымен бірге саналатын.

15Мұсаның Гершом мен Елиезер есімді ұлдары болды.

16Гершомның ұрпақтары: оның тұңғышы — Шебуил.

17Елиезердің ұрпақтары: оның тұңғышы Рехабияхтан басқа ұлдары болмады. Ал Рехабияхтың өз ұрпақтары көп болды.

18Ысқардың ұлдарының тұңғышы — Шеломит.

19Хебронның ұлдары: тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам болды.

20Ұзиелдің ұлдары: тұңғышы — Миха мен екіншісі — Ишиях.

Мерарилік әулеттер

21Мераридің ұлдары: Мәхли мен Мұши. Мәхлидің ұлдары: Елазар мен Қиш.

22Елазар ұлдары болмай, қайтыс болды, оның тек қыздары болды. Өз туыстары — Қиштың ұлдары соларға үйленді.

23Мұшидың Мәхли, Едер, Еремот есімді үш ұлы болды.

24Осылар — Леуі руына жататын әулеттердің басшылары. Олар санақтан өткенде аты-жөндерімен тіркелді. Жасы жиырмаға жеткен немесе одан жоғары әрбір леуіліктің Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет етуіне болды.

25Себебі Дәуіт былай деген болатын: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Өзінің халқын тыныш та тұрақты орынға қоныстандырып, Өзі де әрдайым Иерусалимдегі тұрағын мекендейтін болды.

26Сондықтан леуіліктерге Жаратқан Иенің кездесу шатырын және қызметте қолданылатын құралдар мен бұйымдарды енді қайтып тасып алып жүрудің қажеті болмайды».

27Сонымен Дәуіттің қалдырған соңғы нұсқаулары бойынша, леуіліктер жасы жиырмаға жетісімен қызметке алынып, тіркеліп отырды.

28Леуіліктер Һароннан тараған діни қызметкерлерге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерінде көмектесуге міндетті еді. Олар, сондай-ақ, киелі үйдің аулалары мен қосалқы бөлмелерін күзетіп, тазалау рәсімдерін орындау және Құдайдың киелі үйінде орындалуы керек басқа да жұмыстарды істеуге тиісті болатын.

29Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау.

30Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын.

31Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды.

32Леуіліктер өздеріне рулас діни қызметкерлердің басшылығымен кездесу шатыры мен киелі үйді күзетіп қорғап, Жаратқан Иенің киелі үйіндегі міндеттерін осылайша атқарды.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help