1 Қатты сүйемін Жаратқан Иені,
Жалынған даусымды Ол естіді,
2Иә, Ием құлақ түрді маған,
Өмір бойы сиынбақпын Оған.
3Өлімнің торы жан-жақтан шырмады,
Ажалдың азабы мені қинады,
Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды.
4Жаратқанның атын атап сиындым:
«Уа, Ием, құтқаршы мені!» — деп шақырдым.
5Жаратқан Ие әділ де рақымды,
Біздің Құдайымыз сондай қайырымды!
6Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды,
Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарды.
7Тыныштала гөр енді, уа, жан дүнием,
Мол игілік жасады Жаратқан Ием.
8О, Жаратқан, Сен жанымды өлімнен
Құтқардың һәм көзімді жас төгуден,
Аяғымды сақтадың сүрінуден.
9Осылай мен тірілердің ғаламында
Жүремін Жаратқанның көз алдында.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
