Нақыл сөздер 31 - Киелі кітап(QazBi2010)

Лемуел патшаның нақыл сөздер жинағы

1Лемуел патшаның қалдырған сөздері,

Шешесінің оған айтқан нақылдары:

2Уа, балам менің, құрсағымнан шыққан ұлым менің,

Уәде беріп, Құдайдан сұрап алған балам менің!

3Ысырап қылма әйелдерге күшіңді,

Шашыратпа оларға қуатыңды,

Тағынан тайдырды олар талай патшаларды.

4Уа, Лемуел,

Патшаларға шарап ішу жарамас,

Әміршілерге ішімдік аңсау жараспас.

5Ал ішетін болса, заң ережесін ұмытар,

Қаналғандардың құқығын теріске бұрмалар.

6Өлімшіге ішімдік берілер,

Қиналғанға шарап берілер,

7Ішіп алып, мүшкіл халін ұмытсын,

Қайғы-қасіретін енді еске алмасын.

8Ал сен, өзі үшін үндей алмайтындардың

Сөзін сөйлеп, ісін қорға байғұстардың.

9Анық сөйлеп, әділ үкім шығаршы,

Жарлы мен мұқтаждың мүддесін қорғашы!

Жазбаның соңындағы мақтау жырыЖақсы әйел — даналықтың үлгісі

10Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?

Ол інжу-маржаннан да бағалы болар!

11Күйеуі оған толықтай сенім артады,

Ешқандай игіліктен ада қалмайды.

12Өмір бойы оның күйеуіне жасары

Жамандық емес, жақсылық қана болады.

13Әйел жүн мен зығырды өзі таңдайды,

Қол жұмысын да ынтамен жасайды.

14Жер шарлаған саудагер кемесі секілді

Алыстан да азық-түлігін әкеледі.

15Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,

Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,

Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.

16Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,

Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,

17Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.

18Ұғады ол еңбегінің өнімді боларын,

Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.

19Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,

Дем алмастан иіреді ол ұршығын.

20Оның қолы әрдайым жомарт жарлыларға,

Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.

21Қар жауып, үй ішім тоңар деп қамықпайды,

Бәрі де қос-қостан киімдерін киеді.

22Әйел әсемдеп тоқып төсек жабынын,

Бәтес, қызыл жүннен тігеді киімін.

23Күйеуінің атағы кең жайылады,

Елдің ақсақалдарымен кеңес құрады.

24Бәтестен әйел жапқыш тігіп, сатады,

Белбеумен де саудагерді қамтиды.

25Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,

Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.

26Аузынан шыққан сөзі — нағыз даналық,

Берген тәлімі — мейірімді жақсылық.

27Үй шаруасын мұқият бақылайды,

Ол нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.

28Балалары тұрып, аналарын дәріптейді,

Күйеуі де оны былай деп құрметтейді:

29«Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,

Бірақ барлығынан да асып түстің сен!»

30Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,

Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.

31Беріңдер оған еңбегінің тиісті зейнетін,

Істері үшін жұрт алдында ол дәріптеле берсін!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help