Забур жырлары 55 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жаулар тап бергенде Құдайға сенім білдіру

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Алыстағы үнсіз көгершін» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол філістірлердің Дәуітті Ғат қаласында ұстап алған кезіне арналған.)

2Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді,

Адамдар ұмтылады таптауға мені,

Күні бойы қыспақтап, тап береді.

3Жауларым күнде қудалап өкшелейді,

Менмендер маған қарсы бас көтереді.

4Қорыққанда Саған артам сенімімді.

5Құдайға сеніп енді қорықпаймын,

Берген сөзі үшін Оны мадақтаймын,

Сонда пенде не жасай алады маған?

6Күнде жаулар сөздерімді бұрмалайды,

Әрдайым маған қарсы қастық ойлайды,

7Жасырынып бір жерге жиналады,

Бар қадамдарымды бақылап тұрады,

Аңдып жанымды алуға ұмтылады.

8Уа, Құдай, сұм істерімен құтылтпашы,

Сол қыңыр ұлттарды қаһарыңмен құлдыратшы.

9Шарасыздығымды ұмытпай ескересің,

«Құтыңа» жинап қой көз жасымның бәрін,

Жазылған жоқ па олар кітабыңда Сенің?

10Сиынып сұрасам қолдауыңды Сенің,

Кері шегінеді жауларым менің,

Құдайдың маған жар екенін білемін.

11Берген сөзі үшін Құдайды мадақтаймын,

Берген уәдесі үшін Иемді даңқтаймын.

12Құдайға сеніп енді қорықпаймын,

Сонда пенде не жасай алады маған?

13Уа, Құдайым, мен Өзіңе бағыштаймын

Берген уәдеме сай шүкірлік тартуларын.

14Өйткені аяғымды сүрінуден сақтадың,

Жанымды ажалдың аранынан құтқардың.

Осылай Сен мені Өзіңнің алдыңда

Аман жүрсін дедің өмірдің нұрында.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help