Естер 10 - Киелі кітап(QazBi2010)

Яһуди бас уәзір Мардохайдың биік дәрежесі

1Ахасуер патша құрлықта және теңіз аралдарында орналасқан бүкіл патшалығына салық салды.

2Оның ұлы да құдіретті іс-әрекеттерінің бәрі және өзі жоғарылатқан Мардохайдың биік дәрежесі туралы «Мидия мен Персия патшаларының жылнамалары» кітабында жазылған.

3Яһуди Мардохайдың мәртебесі тек қана Ахасуер патшадан кейінгі екінші орында болды. Яһудилердің арасында оның абыройы өте жоғары еді. Мардохай өз халқының қамын ойлап, бүкіл келер ұрпақтың да игілігі үшін сөз сөйлеген болатын. Сол үшін ол ұлттастарының ризашылығына бөленді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help