1Мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Мақтау айтамын Жаратқан Иеге,
Халық жиылып, әділдер кеңескенде.
2Қандай ұлы — Жаратқанның істері,
Оларды ұнатқандар терең зерттейді.
3Оның істері ұлы да салтанатты,
Әділдігі мәңгілікке ұласады.
4Ол кереметтерін есте қаларлық қылды,
Иеміз шапағатты да қайырымды,
5Өзін қастерлейтінді аспен қамтиды,
Келісімін ұдайы есінде сақтайды.
6Ол құдіретті істерін халқына көрсетті,
Өзге ұлттардың жерін оған мұра етті.
7Жаратқанның істері адал да әділетті,
Оның бұйрықтары да түгел сенімді,
8Олар мәңгілікке берік негізделген,
Әрі орындалады шындықпен, адалдықпен.
9Жаратқан Ие өз халқын азат етті,
Келісімін мәңгілікке бекітті,
Есімі Оның киелі де қасиетті.
10Даналықтың бастауы — терең қастерлеу
Жаратқан Иені әрі Оған шын бағыну,
Мұны ұстанған әркім парасатты болады.
Иеміз мәңгі бақи мадақталады!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
