Таңдаулы ән 6 - Киелі кітап(QazBi2010)

Екінші сұрақ және қызық жауап

1(Құрбылар:)

Уа, ең сұлуы бар әйелдердің,

Қай жаққа кетті сүйіктің сенің?

Оны өзіңмен бірге іздейік,

Ол қайда кеткен, соны білейік?!

(Жас келін:)

2Сүйгенім түсті бақшасына өзінің,

Жүйектеріне жұпар шөптерінің,

Бау-бақшада серуендеп жүру үшін,

Жинамаққа өскен лалагүлдерін.

3Мен өз сүйіктімдікімін лайым,

Ал сүйіктім де менікі әрдайым,

Серуендеп жүр арасында лалагүлдің.

Күйеудің сүйген жарының сұлулығына қайтадан таңырқауы

(Күйеу:)

4Сүйгенім, сен Тирсадай әдемісің,

Иерусалим де іспетті көріктісің,

Ту көтерген әскердей сес көрсетесің.

5Менен бұрып әкетші көздеріңді,

Толқытып жібереді олар мені.

Ғилақад тау беткейімен түсіп келген

Ешкі отарындай шашың төгілген.

6Тоғытылған қой іспетті тістерің,

Жалғыз емес, сыңары бар бәрінің.

7Бет пердеңмен жабылған самайларың

Қос бөлігі іспетті қызғылт анардың.

8Алпыс патшайым, сексен кәнизак болсын,

Әрі сансыз көп қыздар да жиналсын,

9Ал көгершінім, мінсізім, айрықша өзі,

Ол — шешесінің теңдесі жоқ жалғыз қызы,

Өзін туған анасының таңдаулысы!

Қыздар оны көргенде мадақтады,

Патшайымдар, кәнизактар да мақтады.

(Құрбылары:)

10Бұл кім екен, айдай сұлу, таңдай атқан,

Күндей нұрын шашып, ту көтеріп тұрған

Әскерге ұқсап сес көрсетіп жатқан?

Ынтықтық және қуаныш

(Жас келін:)

11Жаңғақ ағашының тоғайына бардым,

Аңғардың көгорай шалғынын қарадым.

Жүзім бұталары бүршік жарды ма,

Анар ағаштары гүлдей бастады ма,

Соны біліп келуге шықтым далаға.

12Мен соны аңғармай тұрғанда әлі де

Отырдым сүйікті патшамның күймесіне.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help