Жүніс 2 - Киелі кітап(QazBi2010)

Пайғамбардың апаттан құтқарылып, Жаратқан Иені мадақтауы

1 Жаратқан Иенің бұйрығымен бір үлкен балық Жүністі жұтып қойды. Ол соның ішінде үш күн, үш түн бойы жатты.

2Жүніс балық ішінен Құдай Иесіне сиынып былай деп мінажат етті:

3«Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием,

Саған сиындым, жауап бердің де Сен.

Сонда тұңғиықтың терең түкпірінен

Көмек сұрап саған жалбарынған ем,

Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен.

4Мені тұңғиыққа, терең теңіздің

Түбіне Сен лақтырған едің,

Айналам түгел тек ағыстар болған,

Соққылап қарқынды толқындарыңның

Барлығы да өтті мына басымнан.

5Былай деп те айтқан болатынмын:

Аластатылсам да көз алдыңнан,

Киелі үйіңе қарамақпын қайтадан.

6Су басып, теңіз тартып құшағына

Қорқытты, балдырлар оралып басыма.

7Су асты, тау түбіне түсіп қалдым,

Сол жерге мәңгі қамалғандай болдым.

Бірақ Сен, Жаратқан Ие, Құдайым,

Жанымды тұңғиықтан алып қалдың.

8Көңілім құлазып, үміт өшкенде,

Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме,

Мінажатым құлағыңа жетті де

Сенің көктегі киелі үйіңде.

9Жарамсыз да жалған тәңірлерге

Табынушылар безеді өздеріне

Рақым көрсетпек болған Құдайынан.

10Ал мен Саған әнмен шүкірлік айтам,

Сый-тарту ұсынып, антымда тұрам.

Құтқарылу келеді тек Жаратқаннан!»

11Мұнан кейін Жаратқан Иенің бұйрығы бойынша балық Жүністі жағалауға құсып тастады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help