Забур жырлары 142 - Киелі кітап(QazBi2010)

Қауіп төнген кездегі мінажат

1(Дәуіттің жыры.)

Уа, Жаратқан Ием, дұғама құлақ салшы,

Сенімдісің Сен, өтінішімді тыңдашы,

Әділдігіңе сай маған жауап қатшы.

2Тергеп соттай көрме мені, қызметшіңмін,

Мінсіз жан болмайды алдыңда Сенің.

3Дұшпаным өкшелеп қуғындайды,

Жерге жығып жанымды таптайды,

Мені көрде жатқан сүйектей етті,

Түнекте тұруға мәжбүрледі.

4Көңілім жабырқаңқы, рухым түсті,

Қорқыныштан менің үрейім ұшты.

5Ежелгі кереметтеріңнің барлығын

Еске алып, ойланып-толғанамын,

Қолыңның істерін ақылға саламын,

6Өзіңе қарай қолдарымды жаямын:

Кепкен топырақ жаңбырды тілейді,

Жан дүнием де Сені аңсап шөліркейді.

7Тез құлақ түре гөр, жаным күйреді,

Ием, кері бұрмашы менен бетіңді,

Әйтпесе боламын көрге түскен секілді.

8Таң ата маған естіртші мейіріміңді,

Өйткені Өзіңе артамын сенімімді,

Көрсетші маған қай жолмен жүретінімді,

Себебі Саған бағыштаймын өмірімді.

9Уа, Жаратқан, жауларымнан құтқара гөр,

Сені паналаймын, мені қорғай гөр,

10Өз еркіңді орындауға үйрете гөр.

Өйткені сенім артқан Құдайымсың,

Сенің игілікті Киелі Рухың

Түзу жолмен мені жетелей көрсін.

11О, Ием, ұлы атың үшін жанымды сақтай гөр,

Әділдігің үшін қиындықтан құтқара гөр,

12Рақымыңа бола бар жауларымды жоя гөр,

Қызметшіңмін, қанаушыларымды құрта гөр.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help