Забур жырлары 129 - Киелі кітап(QazBi2010)

Ауыр жағдайдың тұңғиығынан айтылған дұға

1(Киелі үйге өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Ауыр жағдайымның тұңғиығынан,

Уа, Жаратқан Ием, дауыстаймын Саған.

2О, Тәңір Ием, даусымды тыңдай гөр,

Мінажатыма менің құлақ түре гөр!

3Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң,

Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан?

4Бірақ Сен кешірім беруге әзірсің,

Содан бәрі Сені қастерлей берсін!

5Шын жүректен Иеме сенім артамын,

Берген сөзіне үмітімді артамын.

6Күзетші күткендей таңның атуын,

Қарауыл аңсағандай күннің шығуын,

Жан-тәніммен Иемді күтіп сағынамын.

7Уа, Исраил халқы, сенім арт Жаратқанға,

Рақым мен құтқаратын күш шексіз Онда.

8Бар күнәсінің құнын төлеп, Исраилді

Құтқарып Жаратқан Ие азат етеді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help