1Яһуданың ұрпақтарына Парес, Хесрон, Қарми, Һұр және Шобал жатады.
2Шобал ұлы Реях Яхаттың әкесі болатын. Яхаттың ұлдары: Ахум, Лахад. Олардан тараған әулеттер Сораның тұрғындары болатын.
3Етамның ұлдары мыналар: Ізрел, Ишма, Идбаш. Олардың әпке-қарындастарының есімі — Хаселелпони.
4Пенуел Гедордың әкесі, ал Езер Хушаның әкесі болатын. Ефратаның тұңғышы әрі Бетлехемнің басқарушысы Һұрдың ұрпақтары осылар болатын.
5Текояның басқарушысы Ашхұрдың Хела мен Нағарат деген екі әйелі бар еді.
6Нағарат Ашхұрға Ахузам, Хефер, Темни, Ахаштариды туды. Олар Нағараттың ұрпақтары болып саналатын.
7Хеладан туған ұлдар: Серет, Сохар, Әтнан,
8Қос. Қостан Ануб пен Собеб және Ахархел ұлы Харумның әулеттері тарады.
Ябестің мінажаты9(Яһуда руында) Ябес есімді адам болды. Ол өз ағайындары арасында көбірек құрметтелетін. Ал анасы: «Мен оны азаппен қиналып босандым», — деп, оның атын Ябес деп қойған еді.
10Ябес Исраил сиынған Құдайға былай деп мінажат етті: «Мені жарылқап, тиесілі жерімнің көлемін кеңейтсең екен! Құдіретті қолыңмен маған жар бола гөр. Азапқа ұшырататын жамандықтан аулақ сақтай гөр!» Сонда Құдай Ябеске сұрағанын берді.Яһуда руындағы басқа әулеттердің шежіресінің жалғасы
11Шухахтың бауыры Хелуб Махырдың әкесі және Ештонның атасы болатын.
12Ештон Бет-Рафа мен Пасеахтың басқарушысы, ал Техинах Нахаш қаласының басқарушысы болды. Бұлар бұрын Рехада тұрған адамдар еді.
13Кеназдың ұлдары: Отниел мен Сераях. Отниелдің ұлдары: Хатат пен Меонотай.
14Меонотай Офраның әкесі, Сераях Жоғабтың әкесі ал Жоғаб қолөнершілер аңғарының басқарушысы болатын. Сол жер ондағы халық қолөнермен айналысатындықтан солай аталып кетті.
15Ефунне ұлы Халептің ұлдары: Иру, Ила, Нағам. Иланың ұлы: Кеназ.
16Ехәлелелдің ұлдары: Зиф, Зифах, Тириях, Асарел.
17Езраның ұлдары: Етер, Меред, Ефер, Жалон. (Етердің) бір әйелі Мәриям, Шаммай, Ишбах есімді балаларды туды; Ишбах Ештемоғаның басқарушысы болды.
18(Етердің) яһуди әйелі Гедордың басқарушысы Ередті, Сохоның басқарушысы Хеберді және Заноахтың басқарушысы Екутиелді туды. Меред перғауынның қызы Битияға үйленіп, одан бірнеше бала сүйді.
19Ходия Нахамның қарындасына үйленді. Олардың ұлдары: Кеилдің әкесі Ғарми және махалық Ештемоға.
20Шимонның ұлдары: Амнон, Ринна, Бенханан, Тилон. Ишидің ұрпақтары: Зохет, Бензохет.
21Яһуданың бір ұлы Шелах еді. Шелахтан өрбіген ұрпақтар: Леханың басқарушысы Ер, Марешаның басқарушысы Ладах, Бет-Ашбеядағы бәтес тоқушылардың әулеттері,
22сондай-ақ, Жоқим, Хозебаның адамдары және Моаб пен Жашуби-Лехемді басқарған Жоғас пен Сарап. Осы шежіре жазбалар ежелден қалған.
23Соңғы аталған адамдар Нетаим мен Гедерахты мекендеп, құмыра жасауды кәсіп қылып жүрді. Олар сонда тұрып, патшаға жұмыс істеді.
Шимон руының шежіресі және мекендері24Шимонның ұрпақтары: Емуел, Ямин, Яхин, Сохар, Саул.
25Саулдан өрбіген ұрпақтар: ұлы Шаллум, одан Мипсам, одан Мишма.
26Мишмадан өрбіген ұрпақтары: ұлы Хаммуил, одан Зақур, одан Шимей.
27Шимейден он алты ұл, алты қыз туды. Бірақ оның ағайындарында баланың саны аз еді. Сол себепті Шимон руы Яһуда руындай үлкен болмады.
28Шимейдің ұрпақтары Бер-Шеба, Молада, Хасар-Шуал,
29Балах, Әсем, Толад атты мекендерге қоныстанды.
30Олар Бетуел, Хорма, Сикеләг,
31Бет-Марқабот, Хасар-Сусим, Бет-Біреи, Шағараим деген жерлерде де тұратын. Дәуіт патшалық құрғанға дейін осы қалалар олардың қарамағында болды.
32Шимейдің ұрпақтары тағы Етам, Аин, Риммон, Токен, Ашан атты бес қалада да тұратын.
33Сол қалаларға қарасты, Бағалатқа дейін орналасқан барлық елді мекендер де олардың қоныстары болды. Шимейдің ұрпақтары ата-тектерінің шежірелерін жазып алып отырды.
34Шимонның тағы мына ұрпақтары да болды: Мешобаб, Ямлех, Амасиях ұлы Жосах,
35Жоел: Асиилдің шөбересі, Сераяхтың немересі, Жошибияхтың ұлы Еху;
36сондай-ақ, Елиохенай, Жақобах, Ешохаях, Асаях, Адиел, Ешимиел, Бенаях;
37Шемаяхтың неменесі, Шимридің шөпшегі, Едаяхтың шөбересі, Аллонның немересі, Шифидің ұлы Зизах.
38Осы аттары аталған адамдар әулеттердің басшылары еді. Үрім-бұтақтары кеңінен өсіп көбейгендіктен,
39олар малдарына жайылым жер іздеп, Герардың маңына, ондағы аңғардың шығысына қарай көшіп барды.
40Сол жақта олар оты мол, мал өрісіне жақсы бір жайылым тауып алды. Ол шалқыған кең, тыныш та алаңсыз жатқан жер екен. Оны Хамның кейбір ұрпақтары мекендеп келген еді.
41Жоғарыда есімдері аталған Шимон руының басшылары Яһуда елінің патшасы Езекияның билік құрып тұрған кезінде аттанып, хамдықтардың шатырларын және сол жерде тұрып жатқан меунилерді мүлдем жойды. Бүгінде олардың ізі де жоқ. Шимондықтар солардың жеріне қоныстанып алды, себебі онда малдарына жайылым болатын.
42Бірде Шимон руының бес жүз адамы Ишидің ұлдары — Пелатиях, Неариях, Рефаях, Ұзиелдің басшылығымен таулы Сейір аймағына аттанды.
43Олар амалектіктердің бұрын қашып кетіп, тірі қалғандарының көздерін құртты. Содан бері олар сол жерде осы күнге дейін тұрып келе жатыр.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.