Забур жырлары 81 - Киелі кітап(QazBi2010)

Әділетсіз билерге сот жүргізуші — Хақ Тағала

1(Асафтың жыры.)

Құдай үлкен мәжілісін басқарады,

Сонда Ол билерге үкім шығарады:

2«Қашанғы әділетсіз үкім айтпақсыңдар,

Зұлымдарға оң қабақ танытпақсыңдар?

3Жарлы мен жетімнің мүддесін қорғаңдар,

Бейшара кедейге әділдік жасаңдар!

4Шарасыз бен мұқтажды құтқарыңдар,

Зұлымның шеңгелінен оны босатыңдар!»

5Ештеңе ұқпастан, ештеңе білместен,

Қанаушылары түнекте жүріп келген,

Содан елдің бар негізі дірілдеген!

6Былай деген едім: «Сендер құдайсыңдар,

Бәрің Хақ Тағаланың рухани ұлысыңдар,

7Дегенмен жай пендедей құрисыңдар,

Әрі әміршідей қаза табасыңдар».

8Уа, Құдай, көтеріліп, жерді сотташы,

Сен иемденесің ғой бар халықтарды!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help