1Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа аттанатын уақытта, Жоғаб Исраилдің әскерін жауға қарсы бастап шықты. Олар аммондықтардың елін жаппай ойрандап, астаналары Раббаны қоршап алды. Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Жоғаб Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, оны қиратты.
2Дәуіт аммондық патшаның басынан тәжін шешіп алып, оны өз басына киді. Салмағы бір ат басындай саф алтын тәж асыл таспен безендірілген болатын. Бұған қоса Дәуіт қаладан өте көп мөлшерде олжа алып шықты.
3Ол қаладағы халықты да шығарып, ара, темір кетпен және балтамен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Аммондықтардың күллі қалаларының халқымен де Дәуіт осылай істеді. Содан соң Дәуіт бүкіл әскерін ертіп Иерусалимге қайта оралды.
Філістір алыптарының жеңілуі4Біраз уақыт өткеннен кейін Гәзердің маңында філістірлермен соғыс бұрқ ете қалды. Бір шайқаста хушалық Сипхай (есімді исраилдік батыр) алып Рафаның ұрпақтарының біреуі — Сафты жеңіп, көзін құртты. Содан філістірлер тізе бүкті.
5Філістірлермен болған басқа бір шайқаста Жайыр ұлы Елханан ғаттық алып Ғолияттың бауыры Лахмиды өлтірді. Соның сүңгісінің сабы бақандай жуан болатын.
6Тағы басқа бір шайқас Ғат қаласының түбінде болды. Оған да өте ұзын бойлы бір адам қатысты. Соның аяқ-қолдарында алты-алтыдан, он екі саусағы мен он екі башайы бар еді. Ол да алып Рафаның ұрпағы болатын.
7Әлгі алып Исраилге тіл тигізіп оны қорлағанда, Дәуіттің ағасы Шаммахтың ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады.
8Осылар алып Рафаның Ғаттағы ұрпақтары болатын. Олар Дәуіт пен оның жасақшыларының қолынан мерт болды.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
