1 Жаратқан Ие құйын ішінен Әйүпке тағы да тіл қатып былай деді:
2— Беліңді нағыз ердей буып, дайын тұр! Мен саған сұрақ қояйын, ал сен түсіндіріп берші!
3Менің әділдігіме күмән келтірмексің бе? Өзіңді ақтау үшін Мені қараламақсың ба?!
4Сенде Құдайдың құдіретіндей құдірет бар ма? Даусыңды Ол сияқты күркірете аласың ба?
5Ендеше ұлылық, даңқпен әшекейленіп, салтанат, абыройға бөленші!
6Қаһарыңды төгіп, тәкаппар атаулыға көз салып, оларды жуасытып көр.
7Барлық өркөкіректерге назарыңды бағыштап, оларды төмендетші, зұлымдарды тұрған жерлерінде табаныңмен тапташы.
8Олардың бәрін топыраққа көміп, кебінге орап, жүздерін жауып көр.
9Сонда сенің өз құдіретіңмен құтқарылғаныңды Мен де мойындайын.
Алып аңдардың мысалдары10Мен өзіңді жаратқанымдай жаратқан сусиырға көз салшы. Ол өгіз сияқты шөп жейді.
11Оның белінің қуаты, құрсағындағы бұлшық еттерінің күші қандай!
12Сол хайуан самырсын секілді мықты құйрығын шайқалтады, жамбасындағы сіңірлері бір-бірімен берік матасқан.
13Аяқтары қола құбырдай, сүйектері темір бағанадай.
14Сусиыр Құдай жаратқан мақұлықтардың ішіндегі ғаламаты, ал оның Жаратушысы оған айбат көрсете алады.
15Қыраттар оған азық ұсынады, даланың аңдары да сол жерде ойнақтайды.
16Сусиыр лотос бұталарының астында, мибатпақтағы қамыстың арасында тасаланып жатады.
17Лотос жапырақтары оны көлеңкесімен жауып, өзен бойындағы талдар оны қоршап тұрады.
18Өзен астан-кестен болса да, сусиыр абыржымайды. Иорданның тасыған толқындары аузына соғылса да, ол тыныш болады.
19Оны байқатпай ұстап алып, танауын тесіп, оған мұрындық сала алатын біреу бар ма?
20Әлде қолтырауынды қармақпен ұстап, тілін жіппен байлап-матауды оңай деп ойлайсың ба?
21 Сол зор аңның танауынан жіп өткізіп, жағына қармақ таға аласың ба?
22Ол сенен рақым етуіңді жалына өтініп, саған жылы сөйлейтін бола ма?
23Әлде саған жалдануға келісіп, сен оны өмірлік құлың ете аласың ба?
24Қолтырауынды кішкене құс іспетті үй жануарың етіп, қыздарыңның онымен ойнауы үшін жіппен байлай аласың ба?
25Сатып алушылар ол үшін саудаласа ма? Саудагерлер оны өзара бөлісіп ала ма?
26Оның терісіне қармақтар, басына найза шаншып қоя аласың ба?
27Қолыңды оған тигізіп көрші, кейін онымен күресу туралы ойдың өзінен қашатын боласың.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
