1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорахтың ұрпақтарының жыры.)
2Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың,
Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.
3Халқыңның кінәсіне кешірім жасадың,
Барлық күнәларын да жауып тастадың.
4Сонда Сен ашу-ызаңды түгел бастың,
Жалындаған қаһарыңнан бас тарттың.
5Құтқарушымыз Құдай, қалпымызға келтірші,
Бізге деген наразылығыңды бәсеңдетші.
6Әлде мәңгі бізге қаһарлана бермекпісің,
Ұрпақтан ұрпаққа ашуыңды төкпекпісің?
7Өз халқыңның Саған шаттануы үшін
Өмірімізді қайтадан жаңартпаймысың?
8Бізге тұрақты рақымыңды таныта көрші,
Уа, Жаратқан, пәледен құтқара көрші.
9Құлақ түремін Құдай Иенің айтарына,
Тыныштықты уәде етеді Ол өз халқына —
Таңдап алған өз адал адамдарына,
Халық тек қайтпаса ақымақтық жасауына!
10Сөз жоқ, Өзін қастерлейтін жандарды
Құдай жақында құтқаратын болады,
Осылайша Оның даңқты ұлылығы
Елімізге орнығатын болады.
11Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі,
Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.
12Адалдық жер бетінен көктеп шығады,
Әділдік көктен төмен қарап тұрады.
13Шынымен Жаратқан Ие игілік сыйламақ,
Содан жеріміз бізге өнімін ұсынбақ,
14Жаратқанның алдынан әділдік жүрмек,
Оның жүретін жолдарын дайындап бермек.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
