Езра 2 - Киелі кітап(QazBi2010)

Алғашқы оралмандардың тізімі

1Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендері мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.

2Олардың жетекшілері: Зоробабел, Ешуа, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах.

Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:

3Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.

4Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.

5Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам.

6Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам.

7Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.

8Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам.

9Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.

10Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам.

11Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам.

12Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам.

13Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам.

14Бигуайдың ұрпақтары: екі мың елу алты адам.

15Адиннің ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам.

16Езекияның тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам.

17Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам.

18Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам.

19Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам.

20Гибардың ұрпақтары: тоқсан бес адам.

21Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш.

22Нетопаттың адамдары: елу алты.

23Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.

24Азмауеттің адамдары: қырық екі.

25Кирият-Иғарымның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.

26Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.

27Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.

28Бетел мен Айдың адамдары: екі жүз жиырма үш.

29Небоның адамдары: елу екі.

30Мағбиштың адамдары: жүз елу алты.

31Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.

32Харымның адамдары: үш жүз жиырма.

33Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бес.

34Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.

35Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз.

36Діни қызметкерлер:

Едаяхтың Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.

37Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі.

38Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.

39Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам.

40Леуіліктер:

Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам.

41Әншілер:

Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам.

42Қақпа күзетшілері:

Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз.

43Ғибадатхана қызметшілері:

Сиха, Хасуфа, Таббаот,

44Керос, Сиях, Падон,

45Лебанах, Хагабах, Ақуб,

46Хагаб, Шамлай, Ханан,

47Гиддел, Ғахар, Реях,

48Ресин, Некода, Ғазам,

49Ұзза, Пасеах, Бесай,

50Асна, Меуним, Нефисим,

51Бақбұқ, Хақуфа, Хархур,

52Баслут, Мехида, Харша,

53Барқос, Сисара, Тамах,

54Несиях және Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.

55Сүлейменнің қызметшілері:

Сотай, Хасоферет, Перуда,

56Ялах, Дарқон, Гиддел,

57Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим және Ами есімді аталардың ұрпақтары.

58Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.

59Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген, бірақ өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмағандар мыналар:

60Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз елу екі адам.

61Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос және Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.

62Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді.

63Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».

64Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.

65Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз еркек, әйел әншілері болды.

66Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,

67төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.

Басшылар мен халықтың берген сый-тартулары

68Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады.

69Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек берді.

70Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, жалпы халықтың біразы, сондай-ақ әншілер, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері де өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы да (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help