Забур жырлары 99 - Киелі кітап(QazBi2010)

Алғыс жыры

1(Халық Құдайға шүкірлік еткенде айтылатын жыр.)

Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,

2Иемізге қызмет етіңдер шаттанып,

Келіңдер алдына қуана әндетіп,

3Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп:

Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз,

Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».

4Құдайдың ғибадатханасына барып,

Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп,

Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп,

Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!

5Себебі Жаратқан Ие мейірімді,

Ол мәңгілік шапағатын тигізеді.

Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге

Шексіз сенімділігін көрсете береді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help