Забур жырлары 124 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жаратқан Ие — өз халқының қорғаны

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жаратқан Иеге сенім артқандар

Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.

2Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды,

Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды,

Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.

3Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін,

Зұлымдардың оларға билігі шектелген.

4Мейірімділер мен ақпейілділерге

Игілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!

5Ал жүріп жатқандарды теріс жолдармен

Иеміз бірге аластатсын заңсыздармен.

Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help