Забур жырлары 147 - Киелі кітап(QazBi2010)

Халқына қамқоршы Жаратқан Иені дәріптеу

1 Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта,

Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!

2Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан,

Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,

3Таңдаулы астықпен оны тойындырады,

Шекараңа бейбітшілік орнатады.

4Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды,

Оның айтқандары лезде тарайды.

5Жаратқан қарды мамықтай жаяды,

Қырауды да күлдей жерге шашады,

6Бұршақты жұмыр тастай жаудырады,

Кім Оның аязына шыдай алады?

7Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды,

Жылы жел соққызып, ағызады суды.

8Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын,

Исраилге заңдары мен жарлықтарын,

9Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді,

Олар Оның шешімдерін білмей келеді.

Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help