1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)
2Күллі халықтар, мынаны тыңдаңдар,
Әлемнің тұрғындары, құлақ асыңдар,
3Қатардағылар және атақтылар,
Байлар мен бейшаралар, ден қойыңдар!
4Даналық сөздер шығады аузымнан,
Жүрек толғанысым түсінікке толған,
5Нақыл сөзге құлағымды саламын,
Домбыра тартып жұмбағымды ашамын.
6-7Қиын-қыстау кезде қорықпаймын,
Қоршаса да мені алдамшылардың
Зұлымдығы: әл-ауқаттарына олар
Сүйеніп, зор байлығымен мақтанар.
8Ал адам жанын пенде ажалдан босатпас,
Оның төлемін Құдайға бере алмас.
9-10Адамның мәңгі өмір сүруі үшін,
Қабірге түсіп, шірімеуі үшін
Төлем төлеп босатудың бағасы
Тым қымбат, істей алмас оны адам баласы.
11Данышпанның да өлгенін жұрт көреді,
Дәл солай ақымақ пен ессіз де өледі,
Мал-мүлкін басқаға қалдырғанын біледі.
12Ессіздердің ойынша мәңгі өз үйлері,
Ұрпақтан ұрпаққа сақталар мекендері
Әрі өз аттарымен аталған жерлері.
13Ал қадірлі адам да мәңгі қалмайды,
Өліп құритын хайуанға ұқсайды.
14Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары,
Сөздерін қолдайды ізбасарлары.
15Олар қойлардай өлімге ұшырар,
Ажал олардың «бағушысы» болар,
Тәндері құрып, қабірді мекендер,
Ал таңертең әділдер үстемдік етер.
16Бірақ Құдай жанымды о дүниеден құтқарады,
Ол мені Өзіне қабылдайтын болады.
17Уайымдама, біреу баий қалғанда,
Үйінің салтанаты тым молайғанда,
18Өлгенде ол өзімен еш нәрсе алмайды,
Салтанаты оған еріп бармайды.
19Тірі кезде ол бақытты сезінетін,
Өркендегенде жұрт оны дәріптейтін.
20Бірақ ол да бабаларына аттанады,
Өмірдің нұрынан енді ада болады.
21Байлығына мастанған ақылсыз жан
Іспетті — кейін өліп құритын хайуан.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
