Забур жырлары 38 - Киелі кітап(QazBi2010)

Ауыртпалық көрген жанның дұғасы

1(Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.)

2Өзіме былай дедім: «Мен сақ жүрейін,

Тіліммен күнә жасаудан безейін,

Әділетсіз жан қасымда тұрғанда

Тіліме берік бұғау салайын да».

3Осылай аузымды ашпай үндемедім,

Тіпті жақсылық жайлы да сөйлемедім,

Содан күшейе түсті қасіретім.

4Жүрек жалындап, ойымда от тұтанды,

Тілімнен отты сөздер ағытылды:

5Көрсете гөр, Ием, ғұмырымның соңын,

Көрер күндерімнің бүкіл санын,

Өмірімнің өткіншілігін ұғайын.

6Бір қарыстан ұзақ емес өмірім,

Қас қағым сәт — ғұмыр жасым Сен үшін.

Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі!

7Адамдар өмірден елестей өтеді,

Мал-мүлік мол жинап бекер күйбеңдейді,

Себебі соның кімге тиерін білмейді.

8Ал қазір, уа, Ием, нені тосамын?

Тек Өзіңе үмітімді артамын.

9Заңсыз істерімнен мені арылта гөр,

Зердесіздің қорлауынан сақтай гөр.

10Мен ауызымды ашып, еш үндемеймін,

Өйткені осыны жасаған Сен Өзіңсің.

11Бұйырған азапты ала гөр менен,

Қолыңның соққысынан әлсіредім мен.

12Күнәсі үшін жазаласаң пендені,

Күйе жеп қойғандай таусылар көрігі,

Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі!

13Мінажатыма, уа, Ием, құлақ түрші,

Көмекке шақырған даусымды естіші,

Менің көз жасымды елемей жүрмеші,

Себебі барлық ата-бабама ұқсаймын,

Жат жерлік кірме болып Өзіңмен тұрамын.

14Маған қарап тұрмашы ашуменен,

Қайтадан көңілді болайын мен,

Ғайып болмас бұрын кетіп бұл өмірден.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help