1Һароннан тараған діни қызметкерлер арнайы топтарға бөлініп міндеттерін атқаратын. Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар.
2Надаб пен Әбиһу арттарында ұл қалдырмай әкелерінің көзі тірісінде бұ дүниеден өтті. Сол себептен Елазар мен Ітамар діни қызметті атқаратын болды.
3Дәуіт патша Елазардың ұрпағы Садықтың және Ітамардың ұрпағы Ахимәліктің көмегімен діни қызметкерлерді міндеттерін атқаратын кезектері бойынша топтарға бөлді.
4Ітамардың ұрпақтарына қарағанда Елазардың ұрпақтарында әулет басшылары көбірек болды. Сондықтан Елазардың ұрпақтары он алты топқа, ал Ітамардың ұрпақтары сегіз топқа бөлінді.
5Елазардың да, Ітамардың да ұрпақтарының ішінде киелі үйде Құдайға қызмет етуге лайықты басшылар бар болғандықтан, олар атқаратын міндеттеріне жеребе тастау арқылы тағайындалды.
6Леуілік хатшы Нетанел ұлы Шемаях жеребенің кімге түскенін патшаның, діни қызметкер Садықтың, Абиятар ұлы Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының көздерінше ресми тізімге жазып алып отырды. Жеребе бір болып түссе Елазардың, екі болып түссе Ітамардың әулеті алынып отырды.
7Жеребелер мына ретпен түсті: біріншісі Ехоярипке, екіншісі Едаяхқа,
8үшіншісі Харымға, төртіншісі Сеоримге,
9бесіншісі Малқияхқа, алтыншысы Мияминге,
10жетіншісі Хақосқа, сегізіншісі Абияхқа,
11тоғызыншысы Ешуаға, оныншысы Шеханияхқа,
12он біріншісі Елияшипке, он екіншісі Жәкімге,
13он үшіншісі Хупаға, он төртіншісі Ешебапқа,
14он бесіншісі Билғаға, он алтыншысы Имерге,
15он жетіншісі Хезирге, он сегізіншісі Гаписеске,
16он тоғызыншысы Петахияхқа, жиырмасыншысы Ехезкелге,
17жиырма біріншісі Яхинге, жиырма екіншісі Ғамулға,
18жиырма үшіншісі Делаяхқа, ал жиырма төртіншісі Мағазияхқа түсті.
19Исраилдің Құдай Иесі ежелде олардың түп аталары Һаронға Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет ету тәртібін бұйырған болатын. Енді діни қызметкерлер сол тәртіп бойынша кезекпен киелі үйге кіріп, міндеттерін атқаратын болды.
Леуіліктердің қалған әулеттері20Леуіліктердің өзге әулет басшылары мыналар болды:
Ымрамның ұрпақтарынан Шебуил, ал оның ұлдарынан Едиях шыққан еді.
21Рехабияхтың ұлдарының тұңғышы Ишиях болды.
22Ысқардың ұрпақтарынан Шеломит, ал Шеломиттің ұрпақтарынан Яхат шықты.
23Хебронның ұрпақтарынан тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам әулет басшылары болды.
24Ұзиелдің ұрпақтарынан Миха, ал Миханың ұрпақтарынан Шамир есімді әулет басшылары болды.
25Миханың інісі Ишиях, ал Ишияхтың ұрпақтарынан Зәкәрия әулет басшысы еді.
26Мераридің ұрпақтарынан Мәхли мен Мұши, әрі Язияхтың ұрпақтарынан Бено әулет басшылары болды.
27Мерариден Язиях арқылы тараған ұрпақтарынан Бено, Шоһам, Зақур, Ибри әулет басшылары болатын.
28Мәхлиден Елазар тарады, ал оның ұлдары болмады.
29(Мәхли ұлы) Қиштан өз ұлдары арқылы Ерахмел тарады.
30Мұшидың ұлдары: Мәхли, Едер, Еремот.
Есімдері әулеттеріне сәйкес келтірілген леуіліктер осылар.
31Өздерімен рулас діни қызметкерлер сияқты, олар да жеребе тастап, қызметтеріне тағайындалып отырды. Сонда осы әулеттердің шыққан түп аталарының жасы үлкен-кішілігіне көңіл бөлінген жоқ. Жеребе Дәуіт патшаның, Садық пен Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының алдында тасталды.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.