Забур жырлары 19 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жаратқан Иеден жеңіс тілеген мінажат

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын,

Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын,

3Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін,

Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,

4Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін,

Өртелген құрбандығыңа да риза болсын.

5Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін,

Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.

6Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз,

Құдайымыздың атынан ту көтереміз,

Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.

7Жаратқан Өзі тағайындаған Патшасын

Аман сақтайтынын енді білемін,

Жауап береді оған киелі көгінен,

Құтқарады оны құдіретті қолымен.

8Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен,

Басқалар мақтанады тұлпарларымен,

Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.

9Сол халықтар құлайды жығылып,

Ал біз нық боламыз берік тұрып.

10Уа, Жаратқан, патшамызға жеңіс сыйлай гөр,

Сиынған кезімізде құлақ сала гөр.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help