Забур жырлары 146 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдіреті шексіз Құдайды ән-күймен мадақтау

1Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі,

Бұл қандай ұнамды да жарасымды!

2Иеміз Иерусалимді қайта салар,

Исраилдің айдалғандарын қайтарар,

3Жаралы жүректерді сауықтырар,

Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар.

4Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген,

Ол барлығына да өз аттарын берген.

5Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты,

Шексіз мол Оның ақыл-парасаты.

6Иеміз қорланған жанды жоғарылатады,

Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады.

7Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар,

Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!

8Жаратқан аспанды бұлттармен жабады,

Жер бетіне жаңбырды жаудырады,

Тау-төбені көк шөппен жамылдырады.

9Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға,

Қарғаның шақырған балапандарына да.

10Тұлпардың күшіне Жаратқан қарамайды,

Жігіттің жүйріктігінен рақат таппайды,

11Қайта, риза болады Жаратқан Ие

Өзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help