Забур жырлары 26 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жаратқан Иеге нық сену

1(Дәуіттің жыры.)

Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да,

Кімнен мен қорқамын солай болғанда?

Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да,

Кімнен үрейленемін солай болғанда?

2Мені жалмауға зұлымдар таяп қалса,

Қарсылас, жауларым маған бас салса,

Өздері-ақ сүрініп, жығылады да.

3Мен қорықпаймын, әскер қоршап алса да,

Үмітім үзілмес, ол маған лап қойса да.

4Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым,

Тек мынау ғана менің аңсағаным:

Өмір бойы Оның үйінде болсам,

Жаратқан Иенің көркіне қарасам,

Ғибадатханасында ойланып-толғансам.

5Өйткені менің басыма күн туғанда

Ол тасалайды мені тұрағында,

Жасырады өз құпия орнында,

Аман сақтайды биік тау құзында.

6Сонда қоршаған жауымнан биік тұрамын,

Иемнің киелі үйінде шаттанамын,

Қуана Оған сый-тартулар бағыштаймын,

Ән-жырымды Жаратқан Иеге арнаймын.

7Өзіңе сиынған даусыма құлақ түрші,

Уа, Ием, рақыммен жауап бере көрші.

8Сен «Алдыма келіп, сиыныңдар» дедің,

Саған шын жүректен жауап беремін:

«Уа, Ием, сиынып алдыңа келемін».

9Бет-жүзіңді жасыра көрме менен,

Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен.

Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен,

Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен,

Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен.

10Бас тартса менен тіпті әке-шешем,

Қабылдайды мені Жаратқан Ием.

11Уа, Ием, жолдарыңды маған нұсқай гөр,

Жауларыма бола ақ жолыңмен бастай гөр,

12Жаудың еркіне қалдыра көрме мені,

Жалған куәлар өзіме қарсы көтеріледі,

Ашумен маған қоқан-лоқы көрсетеді.

13Алайда мен мынаған нық сенемін:

Әлі де бұ дүниеде тірі жүремін,

Жаратқан Иенің мейірімін көремін.

14Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді,

Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!

Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help