Нақыл сөздер 29 - Киелі кітап(QazBi2010)

1Ескертуді тыңдамай, қасарысқан жан

Кенеттен күйреп, оңалмас содан.

2Әділдер саны молайса халық қуанар,

Зұлымдар билік құрса халық аһ ұрар.

3Даналықты сүйген жан әкесін қуантар,

Азғын әйелмен байланысқан байлығын шашар.

4Патша әділдікпен елін нығайтар,

Парақұмар болса елін құлдыратар.

5Досына жағымпазданған

Оның аяғына тор құрған.

6Зұлым күнәсімен өзіне тор құрар,

Әділ қуанып, көңілді ән салар.

7Әділ жан жарлының құқығын ойлар,

Зұлым соны білуден бас тартар.

8Мазақшылдар қаланы даурықтырар,

Даналар ашу-ызаны басар.

9Дана жан ақымақпен соттасса,

Ақымақ еліріп не күліп, бермес маза.

10Қанқұмарлар мінсізді жек көреді,

Ал әділдер мінсіздің игілігін көздейді.

11Аңғал бар ашуын төгер,

Дана өзін-өзі билер.

12Әмірші өтірікке құлақ түрсе егер,

Бар нөкері арамза боп шыға келер.

13Кедей мен қанаушыға ортақ нәрсе:

Жаратқан Ие көз нұрын сыйлады екеуіне.

14Кедейлерге әділ үкім шығарар

Патшаның тағы мәңгіге нығаяр.

15Тиянақты тәрбие мен қажетті жаза

Баланы ақылды қылар,

Ал өз бетімен жіберілген бала

Анасын масқараға қалдырар.

16Зұлымдар көбейсе заңсыздық көбейер,

Кейін әділдер олардың күйреуін көрер.

17Балаңа жақсылап тәлім-тәрбие бер,

Жаныңды ол тыншытып, шаттыққа кенелтер.

18Құдайдың хабарын алмаса, халық бетімен кетер,

Ал Оның тәлімін сақтағандар бақытқа кенелер.

19Жай сөзбен құлды тәрбиелеуге болмас,

Айтқанды ол ұқса да, іске асырмас.

20Ағат сөйлейтін адамды көрсең,

Аңғалдан үміт көбірек күтерсің.

21Жасынан еркелеткен құлың

Кейіннен болармын дер ұлың.

22Ашулы жан дау-жанжал туғызар,

Қызба жан көптеген күнә жасар.

23Менмендік адамның мерейін түсірер,

Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.

24Қарақшымен сыбайлас өз жанына қас,

Ол қарғанып ант беруге болар тиіс,

Ал шын куәлік беруге батылы жетпес.

25Пендеден қорқуы адамға тұзақ құрар,

Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар.

26Көптеген кісі әміршінің ықыласын іздер,

Ал әділет адамға Тәңір Иеден келер.

27Азғын адам әділдерге жек көрінішті,

Тура жүрген жан зұлымдарға жиренішті.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help