1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры.
2Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)
3Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың,
Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын.
Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың.
4Өткір ұстарадай тіледі сенің тілің,
Өтірікті айтуға шеберсің өзің,
5Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан,
Алдауды да ақиқатты айтудан.
6Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанын
Жаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!
7Содан да Құдай сені мәңгі құртады,
Үйіңнен күшпен қуып шығарады,
Тірілер арасынан аластатады.
8Әділдер мұны көріп қайран қалады,
Былай деп келекелейді сол арамды:
9«Міне, Құдайды паналамаған жан,
Қайта, мол байлығын арқа тұтқан,
Зұлымдықпен одан бетер нығайған».
10Ал мен Құдайдың киелі үйінің
Ішінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін,
Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.
11Уа, Ием, Сені игі істерің үшін
Халқыңның алдында дәріптеймін,
Ізгі мейіріміңе сүйенемін.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
