1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
2Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр,
Мінажатыма менің ден қоя гөр.
3Сары уайымға салынды жан дүнием,
Өзіңе сиынамын жердің шетінен,
Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.
4Себебі бас сауғалар панам болып келесің,
Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.
5Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы,
«Қанатыңның астынан» тыным табайыншы,
6Өйткені берген анттарымды Сен естідің,
Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.
7Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр,
Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр,
8Уа, Құдай, алдыңда ол мәңгі билік құрсын,
Лайым рақым мен шындығың оны қорғасын.
9Сенің атыңды әрдайым мадақтаймын,
Берген анттарымды күнде орындаймын.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
