Забур жырлары 4 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жәбірленушінің кешке сиынып жан тыныштығына кенелуі

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2Уа, Құдай, мені ақтаушы Өзіңсің,

Сиынғанымда Сен құлақ сала гөр.

Мені қысымшылықтан азат еттің,

Қазір де рақыммен құлақ түре гөр.

3Әй, пенделер, сендер абыройымды

Қашанғы қорлап төге бермексіңдер?

Жақсы көріп құр сөз бен бос істерді,

Қашанғы өтірікке ермексіңдер?

4Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады,

Жалбарынсам, Ием құлақ асады.

5Ашуланғанда күнә жасамаңдар,

Төсекте жатқанда ойланып-толғаныңдар,

Жүрек түкпірін тексеріп, тынығыңдар!

6Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар,

Оған сенім артып, мойынсұныңдар!

7«Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап,

Күдік келтіреді көптеген кісілер.

Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап,

Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр.

8Молайса нан менен жүзім шырыны,

Саған сенбейтіндер масаттанады.

Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың,

Соншама зор қуанышқа толтырдың.

9Уа, Жаратқан, мен төсегіме жатып

Ұйықтаймын енді қаннен-қаперсіз,

Өйткені Өзің маған бердің сыйлап

Тыныш өмірді қауіп-қатерсіз.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help