Забур жырлары 126 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жақсылық атаулының бастауы — Жаратқан Ие

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.)

Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса,

Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая.

Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе,

Қарауылшылар босқа тұрады күзетте.

2Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар,

Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар.

Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына

Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына.

3Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген,

Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.

4Адамның жас кезінде туған балалары

Жебелері іспетті жауынгердің қолындағы,

5«Қорамсақтарын» солармен толтырған

Кісілер қандай бақытты болған,

Қарсыластарымен биге барғанда

Қалмайтын болады олар масқараға.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help