1Жаратқан Иені мадақтаңдар!
Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар,
Жаратқанның есімін мадақтаңдар!
2Қазіргі кезден мәңгілікке дейін
Жаратқанның есімі дәріптеле берсін!
3Күннің шығысынан батысына дейін
Жаратқанның есімі қастерлене берсін!
4Жаратқан бар ұлттардан да жоғары,
Оның салтанаты аспаннан да жоғары.
5Кім Құдайымызға тең бола алады?
Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,
6Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
7Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,
Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.
8Оларды әміршілермен бірге отырғызар,
Халқының көсемдерімен жайғастырар.
9Бедеу әйелді отбасымен жарылқар,
Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар.
Жаратқан Иені мадақтаңдар!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
