Забур жырлары 107 - Киелі кітап(QazBi2010)

Рақымды Құдайдан жауға қарсы жар болуын сұрау

1(Дәуіттің әні әрі жыры.)

2Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді,

Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.

Жан дүнием, ояншы, сергек болайын,

3Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын!

Атар таңды әніммен оятайын.

4Уа, Жаратқан, жұрт алдында Сені даңқтаймын,

Ұлттардың арасында мадақтап жырлаймын.

5Себебі берік рақымың заңғар аспандай,

Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.

6Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын,

Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!

7Сүйіктілерің лайым аман сақталсын

Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын.

8Құдай былай деді киелі мекенінен:

«Мен шаттанып Сихемнің жерін бөлшектеймін,

Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.

9Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,

Ефрем руы болады басты қорғаным,

Яһуда руынан шығады патшаларым.

10Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады,

Едом жері де меншігіме айналады,

Філістір елі де бойсұнып Мені қуантады».

11Кім мені қамалды қалаға кіргізеді?

Кім Едом елінің ішіне енгізеді?

12Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан,

Әскерімізбен бірге шайқасқа шықпаған?

13Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы,

Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны,

14Зор істер істейміз Құдай жар болғанда,

Жауларымызды таптайды Ол аяғына.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help