Забур жырлары 40 - Киелі кітап(QazBi2010)

Науқас жанның мінажаты

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты!

Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,

3Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды,

Жаратқан оны елде жарылқайды,

Жауларының еркіне беріп қоймайды.

4Ауырса ол, Иеміз оған күш береді,

Төсектегі оның халін түзетеді.

5Иеме былай деп мінажат еттім:

«Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием,

Саған қарсы күнә жасаған едім,

Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!»

6Дұшпандарым жамандап былай дейді:

«Қашан анау өліп, аты өшеді?»

7Біреуі маған кіріп-шықса, жалған сөйлейді,

Шынымен ол тек өсек-аяң жинайды,

Барған жерлерінде сонысын жаяды.

8Мені жек көргендердің барлығы

Өзара маған қарсы сыбырласады,

Былай деп жамандық ойластырады:

9«Қатерлі ауру жабысыпты оған,

Ол мәңгі тұрмайды жатқан орнынан!»

10Тіпті дастарқандас боп нанымды жеген

Сырлас досым, өзім толықтай сенген,

Енді мені теуіп жіберу үшін

Маған қарсы көтерді өз өкшесін.

11Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр,

Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр,

Оларға лайықтысын қайтарайын.

12Жауымның мені жеңіп шықпағанынан

Ұғамын Сенің риза екеніңді маған.

13Адал жүрген мені аман сақтайсың,

Көз алдыңа мәңгі орнатқызасың.

14Исраил сиынатын Құдай Ие

Мадақтала берсін мәңгілікке!

Аумин, иә, аумин.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help