Забур жырлары 58 - Киелі кітап(QazBi2010)

Мейірімсіз жаудан қорғайтын баспана — Құдай

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол Саул патшаның Дәуітті өлтіру үшін оның үйін күзеттірген кезіне арналған.)

2Уа, Құдайым, құтқара гөр жауларымнан,

Мені сақтай гөр қарсыластарымнан,

3Арашалашы әділетсіздерден,

Аман сақташы қанішерлерден.

4Уа, Жаратқан Ие, олар мені аңдуда,

Маған қарсы мықтылар жиналуда.

Ал не қылмысым, не күнәм болмай тұр,

5Еш кінәм жоқ, бірақ олар асығып жүр,

Маған қарсы аттануға дайын тұр.

Мені қорғап-қолдауға орныңнан тұршы,

Мүшкіл жағдайыма көз сала көрші.

6Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі,

Исраил халқының сиынатын Тәңірі,

Енді көктегі тағыңнан көтерілші,

Өзіңе бағынбайтын ұлттарға тап берші,

Зұлым опасыздарға рақым көрсетпеші.

7Дұшпандарым кешқұрым кері қайтады,

Қаланы аралап иттерше ұлысады.

8Ауыздарынан жамандық бұрқырайды,

Тілдері семсердей жарақаттайды,

Олар «Кім естір екен?» деп ойлайды.

9Ал Сен, Жаратқан Ие, оларға күлесің,

Барлық қыңыр ұлттарды келекелейсің.

10Сен менің күш-қуатымның қайнарысың,

Назарымды Өзіңе аударамын,

Себебі, уа, Құдай, Сен қорғанымсың,

11Маған мейірім танытатын Құдайымсың,

О, Құдай, алдымнан жүріп күш бересің,

Жауларымның жеңілісін көрсетесің.

12Оларды құртпашы, халқым ұмытпасын,

Күшпен таратшы, Өзіңе бой ұрсын,

Уа, Иеміз, қалқандай Қорғаушымызсың!

13Күнә — айтқандарының барлығы да,

Ауыздарынан шыққан — қарғыс пен жала,

Менмендіктерімен құласын тұзаққа!

14Қаһарыңмен оларды құртып таста,

Жоқ қыла гөр оларды біржолата,

Сонда «Жақыпқа Құдай билік жүргізеді»

Деп жер түкпіріндегілер де біледі.

15Дұшпандарым кешқұрым кері қайтады,

Қаланы аралап иттерше ұлысады,

16Жейтін олжа іздеп айнала шарлайды,

Егер тоймаса түнде ырылдайды.

17Ал Сен пәлеге ұшырағанымда

Маған болдың қорған және баспана,

Сондықтан әнге салып құдіретіңді,

Таңертеңнен паш етем мейіріміңді.

18Сен менің күш-қуатымның қайнарысың,

Өзіңе мадақтау жырымды арнаймын.

Себебі, уа, Құдай, Сен қорғанымсың,

Мейірімін төгетін Құдайымсың.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help