1Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,
Мәңгіге ұласады берік рақымы!
2«Мәңгіге ұласады берік рақымы!»
Деп жарияласын Исраил халқы.
3«Мәңгіге ұласады берік рақымы!»
Деп мойындасын Һаронның ұрпақтары.
4«Мәңгіге ұласады берік рақымы!»
Десін Иемізді қастерлейтін барлығы.
5Мүшкіл халімде шақырдым Жаратқанды,
Ол жауап беріп, мені азат етіп алды.
6Ием маған жар, қорықпаймын ешбір жайттан,
Не істей алады адам баласы маған?
7Ием маған жар, Ол — Қолдаушым менің,
Жаудың жеңілісін әлі де көремін.
8Адам баласына сенім артқаннан гөрі
Жаратқан Иені паналау сондай игі!
9Әмірші, әкімдерге сенім артқаннан гөрі
Жаратқан Иені паналау сондай игі!
10Барлық ұлттар айнала қоршап алды,
Жаратқанның атымен құрттым оларды.
11Жан-жақтан олар мені қоршап алды,
Жаратқанның атымен құрттым оларды.
12Айналамда олар арадай құжынады,
Бірақ жанған бұтадай тез өшіп қалды,
Жаратқанның атымен құрттым оларды.
13Құлатпақ болып сол жаулар қатты итерді,
Ал Жаратқан Ие мені қолдап демеді.
14Күш-қуатым әрі жырым — Жаратқаным,
Ол болды, міне, менің Құтқарушым.
15Құтқарылу мен жеңістің шаттық айқайы
Әділдердің үйлерінде жаңғырады:
«Жаратқан Иенің құдіретті оң қолы
Қандай ғажап кереметтер жасайды!»
16Сонда көтерілді Иеміздің оң қолы:
«Жаратқан Иенің құдіретті оң қолы
Қандай ғажап кереметтер жасайды!»
17Енді өлмеймін, өмір сүре беремін,
Жаратқанның істерін паш етемін.
18Жаратқан мені қатты жазалады,
Бірақ жанымды ажалға қимады.
19«Әділдік қақпаларын» маған ашшы,
Оған кіріп, мадақтайын Жаратқанды.
20Мына қақпа — Жаратқанның қақпасы,
Әділ жандар оған кіре алады.
21Сені мадақтаймын, маған құлақ салдың,
Уа, Ием, менің Құтқарушым Сен болдың.
22Құрылысшылар менсінбеген тас енді
Үйдің басты іргетасына айналды!
23Жаратқанның Өзі соны істеді,
Көз алдымызда бұл керемет болды!
24Иеміз жаратты бізге бұл күнді,
Шаттанып қуанайық осы күні.
25Уа, Жаратқан, бізді құтқаршы,
Уа, Иеміз, табыс сыйлашы!
26Жаратқанның атынан келе жатқан жарылқанған,
Оның киелі үйінен бата береміз соған.
27Жаратқан Ие — Құдай, Ол бізге нұрын шашқан.
Мейрамның құрбандық малын апарыңдар,
Үстелдің мүйіздеріне байлап қойыңдар.
28Сен Құдайымсың, Саған мақтау айтамын,
Сен Құдайымсың, даңқыңды асырамын.
29Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,
Мәңгіге ұласады берік рақымы!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
