Забур жырлары 28 - Киелі кітап(QazBi2010)

Хақ Тағаланың табиғатта көрінетін құдіреті

1(Дәуіттің жыры.)

Ей, мықтылар, Жаратқанды дәріптеңдер,

Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,

2Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,

Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!

3Жаратқанның даусы сулардың үстінде,

Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,

Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.

4Жаратқанның даусы тым құдіретті,

Жаратқанның даусы асқан айбатты.

5Оның даусы самырсынды сындырады,

Ливанның самырсындарын құлатады,

6Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,

Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді.

7Жаратқанның даусы от-жалын шашады,

8Оның даусы иен даланы шайқалтады,

Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.

9Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді,

Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.

Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.

10Жаратқан топан су үстінде тақта отырады,

Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.

11Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады,

Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help