Забур жырлары 96 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жаратқан Ие әлемге әділ патшалық құрады

1Жаратқан Ие патшалық құрады,

Қуанып шаттансын бүкіл жер шары,

Көп аралдар әрі теңіз жағалары!

2Бұлт пен түнек — айналасы Оның,

Шындық пен әділдік — негізі тағының.

3Жаратқанның алдында от жүреді,

Айналдыра ол жауларын құртып өртейді.

4Найзағайы әлемді жарқыратады,

Жер беті соны көріп, шайқалады.

5Бүкіл әлемнің Иесінің алдында,

Жаратқан Иенің бет-жүзінің алдында,

Балауыз іспетті ериді таулар сонда.

6Аспан Оның әділдігін паш етеді,

Күллі ұлттар ұлылығын көреді.

7Жалған тәңірлерімен мақтанғандар

Ұялсын, сол мүсіндерге табынғандар.

Жаратқанға бас иіңдер, барлық пұттар!

8Сион шаһары естіп, шаттанады,

Яһуда қалалары да қуанады

Сенің шешімдеріңе, о, Жаратушы!

9Жоғарысың бүкіл әлемнен, уа, Жаратқан,

Үстемсің барлық «тәңір, пір» атаулыдан.

10Ей, Жаратқан Иені сүйетіндер,

Зұлымдық атаулыны жек көріңдер!

Өзіне бағышталғандарды Ол қорғайды,

Зұлымдардың қолынан арашалайды.

11Әділ адамдарға нұр төгіледі,

Ақжүрек жандар шаттыққа кенеледі.

12Әділдер, Жаратқанға шаттаныңдар,

Қасиетті есімін мадақтаңдар!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help