1 Сол алып аңды жеңемін деген үміттің өзі құр бекершілік. Оны көргеннен-ақ зәрең ұшып қалшылдарсың.
2Оның мазасын алуға ешкімнің дәті бармайды. Олай болса, Маған қарсы тұра алатын біреу бар ма?
3Құнын Менен қайтарып аламын деп кім бір нәрсесін Маған беріп қойған? Аспан астындағылардың барлығы да Менікі!
4Қолтырауынның аяқтары, оның зор қуаты мен керемет дене тұрқы туралы да айтып өтейін.
5Оның денесінің сыртқы қабатын кім шешіп тастай алады? Оның қос қабат сауытын кім тесіп зақымдай алады?
6Сондай қорқынышты тістермен көмкерілген оның арандай аузын кім аша алады?
7Арқасында қатар-қатар тізіліп, бір-бірімен тығыз бекітілген қалқан іспетті қабыршықтары бар.
8Біреуінің екіншісіне жақындығы сонша, арасынан тіпті ауа да өтпейді.
9Бірі екіншісіне бекітілген, олар бірін-бірі жауып, еш ажырамайды.
10Алып хайуан пысқырынғанда жалын шашып, көздері таң шапағындай жайнай бастайды.
11Аранынан жалын алаулап, от ұшқындайды.
12Оның танауынан шыққан түтін жанып жатқан қамысқа әрі қайнап тұрған қазаннан шыққан бу мен түтінге ұқсайды.
13Хайуанның демі көмірді тұтататындай ыстық, аузынан жалын шашады.
14Мойнында қуаты мол, өзіне тап болғандарға үрей туғызады.
15Құрсағындағы бұлшық еттерінің бүрмелері бір-бірімен тығыз, біте жабысқан, оларды шайқалтуға болмайды.
16Жүрегі тастай, диірменнің астыңғы тасындай қатты.
17Алып хайуан көтерілгенде тіпті мықтылар да қорқады, үрейлері ұшып шегінеді.
18Оған семсер тисе де, зиян келтіре алмайды. Найза, сүңгі, алдаспан да дарымайды.
19Ол темірді сабандай, қоланы шіріген ағаш іспетті көреді.
20Садақтың жебесі оны қашуға мәжбүрлей алмайды, сақпанмен атылған тастар ол үшін қабықпен бірдей.
21Сол хайуанды сойылмен соғу сабанмен ұрған іспетті, алдаспанның тарсылына ол тек күліп қана қояды.
22Бауырындағы қабыршақтары қыш құмыраның өткір сынықтарындай. Қозғалса, жер жыртылып, іздері қалады.
23Ол тұңғиыққа сүңгіген кезде теңіз беті қайнаған қазандай тасиды.
24Жүзгенде артынан ақ із қалдырып, көргендер теңіздің ақ шашы бар екен деп ойлайды.
25Жер бетінде қорқынышты білмейтін ол сияқты ешбір хайуан жоқ.
26Ол барлық тәкаппар аңдарға менсінбей қарап, жабайы аңдардың патшасы болып қала береді.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
