1(Дәуіттің жыры. Оның Яһуда еліндегі иен далада жүрген кезі туралы.)
2Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың,
Таң сәріден мен Саған бет бұрамын,
Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған,
Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.
3Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім,
Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.
4Өмірден де артық — берік мейірімің,
Ауызым Өзіңді мадақтай берсін,
5Өмір бойы бір Сені мадақтаймын,
Атыңды атап қолымды жаямын.
6Өйткені жіліктің майлы басынан
Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын,
Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.
7Төсекке жатып Сені еске аламын,
Түні бойы Сен жайлы ойланамын.
8Өйткені Өзің менің қолдаушымсың,
«Қанатыңның аясында» шаттанамын.
9Жаным тығыз байланыста Сенімен,
Мені демейсің құдіретті қолыңмен.
10Ал көзімді құртпақшы арамзалар
Тозақтың түбіне түсетін болар,
11Семсердің күшімен олар қырылар,
Өліктері шибөріге жем болар.
12Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады,
Саған бағышталғандар мақтау айтады,
Ал өтірікші ауыздар жабылады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
