1Уа, Құдай, үкім шығарып мені ақташы,
Бұл мейірімсіз халықтан мені қорғашы,
Әділетсіз өтірікшілерден құтқаршы!
2Өйткені Сен бас сауғалайтын қорғанымсың,
Неден менен бас тартып, жалғыз қалдырдың?
Неге жаудан қиналып жүруге тиіспін,
Не үшін қайғы-қасірет шегуге мәжбүрмін?
3Нұрың мен шындығыңды жіберші, уа, Ием,
Олар киелі тауыңа маған жол көрсетсін,
Мені Өзің мекендейтін орынға жетелесін,
4Сонда Саған арналған құрбандық үстеліне,
Әрі шаттығым мен рақатымның көзіне —
Уа, Құдайым, Өзіңнің алдыңа барамын,
Жетігенмен Саған, Құдайым, мақтау айтамын.
5Жан дүнием, неге сен мұңаясың,
Бойымда алаңдап неге мазасызсың?
Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!
Өйткені Құтқарушымды — өзімнің
Құдайымды мадақтаймын әлі де.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
