Забур жырлары 29 - Киелі кітап(QazBi2010)

Ажалдан құтқарылған жанның шүкірлік әні

1(Ғибадатхананы Құдайға бағыштау кезінде айтылатын Дәуіттің әні әрі жыры.)

2Уа, Жаратқан, даңқыңды асырамын,

Сен мені шыңыраудан алып шықтың,

Жауларыма мені табалатпадың.

3О, Құдай Ием, мен Саған сиындым

Қолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың.

4Уа, Ием, мені көрден алып қалдың,

Ажалдан жанымды арашаладың.

5Ей, Жаратқан Иеге бағышталғандар,

Оған арнап ұдайы ән шырқаңдар,

Оның киелі атын мадақтаңдар!

6Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады,

Ал рақымы өмір бойы ұласады.

Кешке жылап-сықтау басым болады,

Ал таң ата қуаныш тосып тұрады.

7Аман-сау болғанда мақтанған едім:

«Мен ешқашан да толқымаймын!» дедім.

8Ал мені таудай нығайтқан Сенің рақымың.

Кейін бет-жүзіңді менен жасырдың,

Сонда мен қорқып уайымға салындым.

9Уа, Жаратқан Ием, Саған сиындым,

Қолдау сұрап Өзіңе жалбарындым:

10«Өліп, көрге түсуімнен не пайда,

Топырақ сонда Сені мадақтар ма,

Адалдығыңды Сенің жариялар ма?!

11Құлақ түрші, уа, Ием, рақым ете гөр,

О, Жаратқан Ие, қолдаушым бола гөр».

12Қайғымды шаттық биімен алмастырдың,

Азалы киімімді шешіп тастадың,

Ерен қуанышқа мені бөледің.

13Енді үздіксіз Саған ән саламын,

Уа, Құдай Ием, мәңгі мақтау айтамын.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help