Забур жырлары 100 - Киелі кітап(QazBi2010)

Әділ патшаның анты

1(Дәуіттің жыры.)

Рақым мен әділдік жайлы ән шырқаймын,

Уа, Жаратқан, әніммен Сені мадақтаймын.

2Мінсіз жүру жайлы мұқият ойлаймын,

«Қашан маған келесің?» деп сұраймын,

Таза жүрекпен үйімді аралаймын.

3Арам нәрселерге еш көз салмаймын,

Опасыздардың істерін мүлдем ұнатпаймын,

Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін.

4Азғын жүректіні қасымнан қуамын,

Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,

5Өзгені құпия жамандайтынды жоямын,

Паң көзді, өркөкірекке төзе алмаймын.

6Елдегі адалдарға назар аударамын,

Олар аман-есен қасымда тұра алсын,

Таза жүргендер ғана маған қызмет қылсын.

7Ешбір алдамшы сарайымда тұрмайды,

Жалған сөйлеуші көз алдымда қалмайды.

8Таң атқаннан зұлымның бәрін басамын,

Жаратқанның қаласынан сұмдарды құртамын.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help