1Жаз кезіне қар жараспас,
Орақ кезіне жаңбыр жараспас,
Ақымаққа қадір жараспас.
2Пыр еткен торғайдай,
Ұшып кеткен қарлығаштай,
Жөнсіз қарғыс адамға қонбас.
3Атқа — қамшы, есекке — ауыздық,
Қыңыр ақымаққа — қатаңдық.
4Ақымаққа ақымақша жауап қайтарма,
Әйтпесе оған ұқсап шығарсың соңында.
5Ақымаққа ақымақтығын әшкерелеп жауап қайтар,
Әйтпесе ол өзін ақылдымын деп санар.
6Ақымақпен хабар жіберген жан
Өз аяғын шапқандай басына пәле шақырған.
7Наданның аузындағы нақылдар
Сал адамның аяғындай ақсақ болар.
8Ақылсыз жанды құрметтеуші
Сақпанына тас байлаған іспетті.
9Ақымақтың аузындағы дана нақылдар
Мастың қолындағы тікенді бұтаққа ұқсар.
10Наданды не көрінген жанды жалдаушылар
Беталды жарақат салатын садақшыға ұқсар.
11Төбет қайта оралар өзінің құсығына,
Қайталар өз ақымақтығын аңқау жан да.
12Өзін данышпан деп санайтыннан гөрі
Ақымақтан жұрт көбірек үміт күтеді.
13«Жолда арыстан бар,
Алаңда арыстан жүр»
Деп жалқау сылтау айтар.
14Есік топсасында айнала берер,
Еріншек төсегінде аунай берер.
15Жалқау қолын табаққа салар,
Ал аузына апаруға жалығар.
16Ойланып жауап берер жетеуден гөрі
Жалқау тым дана санайды өзін-өзі.
Өсек таусылса дау өшер17Жолшыбай өзгенің жанжалына араласқан
Ұқсайды жанға иттің құлағынан тартқан.
18Отты садақ атып, өлім себетін есуас
19Жақынын алдап, «қалжыңдадым» дейтінге ұқсас.
20Отын таусылса от өшер,
Өсек таусылса дау өшер.
21Көмірді шоқ, отынды от жандырар,
Дау-жанжалды ұрысқақ тұтатар.
22Өсекшінің сөзі сондай дәмді,
Ішіңе кіріп, баурап алар жан дүниеңді.
23Зұлым жүрек пен жалынды тіл
Қыш ыдыстай тек сырты жылтыр.
24Кекті адам сөзімен ойын жасырар,
Ал жүрегіндегі ниеті арам қалар.
25Қанша майда сөйлесе де сенбегін,
Жеті сұмдық толтырып тұр жүрегін,
26Қулықпен жасырса да өшпендігін,
Жиында болар әшкереленетін.
27Ор қазған қаскүнем орына өзі құлар,
Өрге домалатқан тасы өзін басар.
28Жалған тіл жәбірлегендерін жек көрер,
Жағымпаз ауыз өзгені құртуды көздер.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
