Забур жырлары 61 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдіретті де рақымды Құдайға деген сенім

1(Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.)

2Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан,

Құтқарылуым келеді тек қана Одан,

3Ол ғана — паналайтын жартасым,

Құтқарушым әрі заңғар қорғаным,

Енді қайтып қатты шайқалмаймын.

4Қашанғы бас саласыңдар бір адамға?

Теңселген дуал, қисайған қабырға

Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?

5Биіктен құлатуға жаулар жоспарлайды,

Сол үшін өтіріктен де бас тартпайды,

Ауыздарымен бата бергенсиді,

Ал жүректерінде жамандық тілейді.

6Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан,

Үміт келеді маған тек қана Одан,

7Ол ғана — паналайтын жартасым,

Құтқарушым әрі заңғар қорғаным.

Енді қайтып ешқашан шайқалмаймын.

8Құтқарылуым, абыройым Құдайдан,

Ол — мықты қорғаным әрі баспанам.

9Халайық, лайым Оған сенім артыңдар,

Ойларыңды Оған толық ашыңдар,

Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!

10Адамзат атаулы шығарған деміңдей,

Атақты, атақсыз бәрібір бекердей,

Таразыға бәрін салып көргенде,

Жеңіл олар шығарған деміңнен де.

11Зорлықпен алып қоюға үміт артпа,

Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба,

Дәулетің молайса, соған сенім артпа!

12Бірде Құдай маған былай деп айтты,

Талай рет мен естігенмін мынаны:

Құдіретті күш, о, Құдай, Сенікі.

13Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың,

Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help