Забур жырлары 11 - Киелі кітап(QazBi2010)

Арсыздардың құрсауынан құтқаруды өтінген мінажат

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады,

Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды!

3Әрбір жан жақындарына жалғандық айтады,

Мүләйім жүзбен сөйлесіп, жағымпазданады.

4Ием тілдерін олардың бөсіп мақтанатын

Тоқтата көрсін әрі жағымпаз ауыздарын.

5«Тілімізбен жеңеміз, аузымыз өзіміздікі!

Кім билік жүргізбек бізге?» деп олар көпіреді.

6«Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді,

Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, —

Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді».

7Жаратқанның сөздері таза да сенімді,

Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді.

8Жаратқан Ие, қаналғандарды Сен қорғайсың,

Сол арсыз ұрпақтан оларды мәңгі сақтайсың.

9Ал зұлымдар әлі де емін-еркін жүреді,

Адамдар арасында арсыздық дәріптеледі.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help