Забур жырлары 120 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдайға сиыну жыры және сапар бата

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

«Тауға көзді қадаймын

Қайдан жәрдем келер деп.

2Көк пен жерді жаратқан

Құдай Ием маған жар».

3«Тайдырмайды Ол табаныңды,

Ұйықтамайды Қорғаушың,

4Исраилді Қолдап-қорғаушы

Қалғымайды да ұйықтамайды.

5Қорғаушың — Жаратқан Ие,

Қасыңда Ол саяң болып жүреді,

6Күндіз күннің, түнде айдың

Тимесін деп сәулелері.

7Жамандықтың барлығынан

Жаратқан Ие сені сақтайды,

Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.

8Бүгіннен бастап мәңгі бақи

Иеміз қорғайтын болады

Барып-келу сапарыңды».

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help